Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы боран салдары: Үй ішінде унитаз суы қимылдап, еденге төгілген (видео)

Күні кеше Астанада болған ақтүтек боран елордалықтарды біраз әбігерге салды. Мұндай дауылды бұрын-соңды көрмеген жұрт оның салдарын таспаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Бір қызығы, боран ғимараттардың сыртына ғана емес, ішіне де әсер еткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Мәселен, елордада жаңадан тұрғызылған тұрғын үйлердің бірінде унитаз суы қимылдап, еденге төгіліп, пәтер иелерінің мазасын қашырған.

Оқиға отандық арналардың бірінде журналист болып жұмыс істейтін Иван Тулиновтың үйінде болған-ды. Ол унитаз суына боранның қандай әсер бергенін видеоға түсіріп, Facebook-те жариялады.

“Сіздер мұндайды ешқашан көрген жоқсыздар. Бүгін дәретханадан шыққан түсініксіз дыбыстан оянып кеттік. Сөйтсек далада болып жатқан жел унитаз суына әсер етіп жатыр екен. Су еденге төгілген.

Бірақ бәрінен де алаңдатқан нәрсе – қатты жел тұрған кезде мұны қалай пайдаланамыз? Бұл – Астанадағы жаңадан салынған пәтерде болып отыр. Құрылыс компаниясы бұл олқылықтың орнын толтырады деп сенемін (әзірге нақты не екенін айтпай отырмын). Олар да бұл жағдайдан хабардар, өздері ешқашан мұндайды көрмегендерін айтады. Өзіміз не тұрғыздық деп таңғалып отырған ұқсайды”, – деп бөлісті автор.

Жіберіп алмаңыз:

Теміртаулықтар Әлия Назарбаеваға петиция жолдамақ

Шымкенттік қыз құдалықта кигізілетін “киіттің” кесірінен тұрмысқа шыға алмай жүр

Имам: Ақтөбеде мектеп алдында намаз оқыған әйелдердің әрекеті – нағыз әртістік

Қостанайлық қария бөтелкеден салған үйінде тұрып жатыр (фото)

 

Талқылау