Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы батут оқиғасы: Елдегі барлық аттракциондар тексерілетін болады

ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Астанада қатты желдің салдарынан аударылып кеткен батут оқиғасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат-қа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Астанадағы батут оқиғасы: Елдегі барлық аттракциондар тексерілетін болады

«Әрине, жауапкершілік аттракцион иелерінің мойнында. Ерекше ережелер бар және олар оны ұстануы керек еді. Енді тексеру жұмыстары жүргізіледі. Астана әкімдігіне де, ТЖД-не де хат жолдаймын. Біз ойын алаңдары мен автоматтарды жабдықтау және оларды орналастыру стандарттары мен ережелерінің қаншалықты сақталғанын тексереміз. Бүкіл ел бойынша тексеру жүргізу жұмыстарын бастаймыз»,- деді Зағипа Балиева.

Оның айтуынша, ойын-сауық орындарын орнатқан кезде аймақтың климаттық жағдайларын ескеру қажет.

«Бұл бәріміз үшін үлкен сабақ. Әр елді-мекеннің табиғи жағдайларын ескеру қажет. Астанада жиі жел соғады. Сондықтан батутты орнатқанда, бұны ескеру керек. Ал барлық ойын автоматтары мен батуттардың жабдықтарын орнатуда аттракцион иелері бірінші кезекте балалардың қауіпсіздігін ескеруі қажет»,- дейді Балиева.

Балиева сондай-ақ осындай жағдайларда жауапкершілікті барлық адамдар, оның ішінде нашар ауа-райы туралы білетін ата-аналар да көтеруі керектігін атап өтті.

«Аттракцион иелері, ата-аналар және бүкіл қоғам болып барлық жағынан абай болуымыз керек. Өйткені бала билік органдарынан да, кәсіпкерлер мен ата-аналар тарапынан да қорғалуға құқылы. Сол күні қолайсыз ауа-райы болатынын бәрі білді. Ата-аналар батутты орнатқандар оны мықты бекітті деп үміттенеді. Ал олар, өз кезегінде, барлық жағдайларды ескермеді. Ауа райы туралы ақпарат алған кезде олар тағы да батуттың қалай орнатылғанына назар аударулары керек еді»,-деді Балиева.

Тағы да оқыңыз:

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы эфирге шығып, ел алдында сүйікті қызынан кешірім сұрады (видео)

Ақтөбеде егіз қыздар бір күнде тұрмысқа шықты (видео)

Тамара Асар: Мәскеуден емделіп келгенімде күйеуім басқа әйелді жүкті қылып қойғанын айтты

Оғыз Доғанға қарсы шыққан Бердоңғаров екеуі бірге Астанадағы сатушылардың қызметін тексеріп көрді (видео)

Талқылау