Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы автобустарда қолма-қол жолақы төлеу жүйесі жойылмайды

Астананың қоғамдық көліктерінде электронды төлем жүйесі енгізілген соң да қолма қол жолақы төлеуге мүмкіндік болады.

лорпа

Сурет auto.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл ретте Алматыдағы “Оңай” жүйесінің олқылықтары ескерілген.

“Біз қолма-қол төлем жүйесін жоймаймыз. Егер карточкаңыз болмаса, автобус жүргізушісіне барып, ақша төлейсіз. Ол сізге билет шығарып береді, билетте жол жүрген уақытыңыз, QR-код жазылып тұрады”, – деп мəлім етті  “Астана ЛРТ” АҚ төлем жүйелер орталығының жетекшісі Сергей Попов.

“ASTRA PLAT” электронды төлем жүйесі жуырда, дəлірек айтсақ, 31 мамырда қала маңында жүретін автобустар мен экспресс автобустарда іске қосылады. Ал, жаз бойы қаладағы бүкіл автобустарға осы электронды төлем жүйесі орнатылады деп жоспарлануда. Мамыр айының соңына дейін оқушылар мен льготпен жүретін азаматтарға атаулы карталар таратылады. Ал, жай карточкаларды сататын орындар мен олардың бағасы əлі пысықталып жатыр.

Талқылау