Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы ауруханада көз жұмған балалардың ата-аналары дәрігерлерге тым жеңіл жаза берілгеніне наразы

Астанада балалардың инфекциялық ауруханасында қайтыс болған балалардың ата-аналары дәрігерлердің тиісінше жазаланбағанын айтып шағымданды. Аурухананың 14 қызметкері сөгіс алып, бөлім меңгерушісі қызметінен босатылған. Бұл туралы хабардар болған ата-аналар мұндай жаза тым жеңіл деп отыр.

Астанадағы ауруханада көз жұмған балалардың ата-аналары дәрігерлерге тым жеңіл жаза берілгеніне наразы

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

13 сәуірде Әділет Сағынаев 1 жасқа толап еді. Алайда ата-анасы кішкентай ұлдарынан айырылып қалды. Тексеру нәтижелері баланың ішегінің бітеліп қалғанын көрсетті. Ал, оны қарапайым жолмен оңай емдеуге болар еді. Бірақ, дәрігерлер бала ішек инфекциясына шалдықты деп, оны бір тәулік бойы емдеген. Бірақ, бала ауруына қажетті ем алмай ауруханада көз жұмды. Енді екі баланың өлімі тексеріліп, олардың неден қайтыс болғаны анықталды. Осыдан кейін дәрігерлердің кінәсі дәделденіп, 14 медициналық қызметкер жазаланды.

«Сағат 4-те реаниматологты шақырдық. Оны алып кетпеді. Тағы инъекция жасады. Таңертеңгі 8-де шолу болатынын айтты. Біз баланы қолымызға көтеріп алып, жан сақтау бөліміне жүгірдік. Жанымызда кезекші дәрігер болған жоқ. Алайда бұл кезде балам демалып жатқан жоқ еді», – қайтыс болған сәбидің анасы Гүлстан Сағынаева.

Гүлстан Сағынаева денсаулық сақтау министрлігіне шағымданып, сараптама жасалуын талап етті. Сараптама нәтижесі бойынша, баланың өлімінің себебі – меккел бүйірқалтасы дерті. Бұл дерт сәбиі анасының құрсағында болған кезде пайда болыпты. Алайда сәбидің ата-анасы мұндай диагнозбен келіспей отыр. Десе де, дер кезінде дұрыс диагноз қойылса, баламызды құтқаруға болатын еді, дейді олар. Осыны дәлелдегісі келген ата-анасы қосымша  тәуелсіз сараптама жасатып жатыр.

«Бізге дейін неше өлім болған. Оған дейін тағы неше бала өлгенін бір Құдай біледі. Сондықтан жазалағымыз келеді. Балалар дәрігерлердің қолынан өлмеуі керек», – дейді Сағынаева.

Ал инфекциялық ауруханадағылар бөлім меңгерушісінің қызметінен босатылмағанын айтты. Алайда оның қазіргі уақытта қандай қызметте екені және осы ауруханада жұмыс істеп жатқан-жатпағаны белгісіз.

«Меңгеруші ауруханадан қуылған жоқ. Тек өз қызметінен босатылды. 14 қызметкерге сөгіс жарияланды. Бүгінде бөлімнің жұмысын жас, білікті дәрігер басқарып отыр» – дейді Астана қалалық балалар инфекциялық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ольга Пушкарева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау