Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы “Аналар үйінде” тұрып жатқан қыздар аянышты тағдырын баяндап берді (фото)

Астанадағы «Аналар үйі» орталығында тұрып жатқан қыз-келіншектердің тағдыры әр қилы. Олар орталыққа қалай келгендерін, басынан өткен оқиғаларын айтып берді.

f18875f360cc74afb15cb4abfb542cd6

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

61440216a9e9d881256ffa8521754e00

Фото ©ЭК/Валерия Калиева

«Аналар үйінде тұрып жатқаныма бір жыл болды. Өзім Тараздың тумасымын. Астанада 10 жылда бері тұрып жатырмын. Ата-анам   қызым бар екенін білмейді. Жігітіме жүкті екенімді айтқанда, әке болуға дайын емес екенін айтты. Сосын екі ай емханада жаттым. Жасым 30-да. Өз үйіме бара алмаймын. Аналар үйінде психологтар көп нәрсеге үйретті. Жақында қызымды бала-бақшаға орналастырам деп отырмын. Таныстарым жұмыс ұсынып отыр. Осында жүріп тігін тігіп үйрендім. Аналар үйіне келгеніме қуанам. Бұл жер болмаса, қайда барар едім», – дейді Альфия есімді бойжеткен.

«Менің ата-анам Астанада тұрады, бірақ олардың балам екеумізді асырайтындай жағдайы жоқ. Сүйген жігітім мені алдап кетті. Аборт жасат деді, бірақ мен одан бас тарттым. Солай істегеніме өкінбеймін де», – дейді 18 жастағы Мадина.

1ffb45f30c6012d198c8940bff77b758

«Мен күйеуіммен ажырасқанда өзімнің егіз балаға жүкті екенімді білмедім. Үйіме бір әйел келіп, менің күйеуімнен жүкті екенін айтты. Ол менен жалынып сұрап, баласын әкесіз қалдырмауды өтінді. УЗИ нәтижелерін де көрсетті. Ол босанған соң мен ажырасуға арыз бердім. Өзім бастауыш сынып мұғалімімін. Сондықтан балаларымды асырауға шамама жетеді», – дейді есімін жасырған келіншек.

1144484b21bf0f644e4dcb143adcaba3

«Ал сіздің мақалаңыздың тақырыбы қалай болады? Бұл Аналар үйіне жарнама емес пе?», – деп жас қыз әңгімеге араласты.

«Жігітім әке болуға дайын еместігін айтты. Ата-анам аборт жасамасаң Оралға қайтып келмеу керектігімді айтты» – дейді ол.

«Менің жасым 21-де. Шет тілдер факультетінде оқимын. Құрбым Тараздан осы жерге босануыма 4 күн қалғанда алып келді. Баламның әкесі Алматыға қашып кетті, бірақ мен оған ренжімеймін. Ата-анам қайда екенімді білмейді. Бір адамдар баламды соларға беруімді өтінді, бірақ мен бас тарттым. Қазақтарда «Әр бала өз несібесімен туады» деген сөз бар. Алладан үмітімді үзбеймін. Мен бақыттымын. Өмірімінің мәні – балам. Бәрі де жақсы болады», – дейді Әлия есімді бойжеткен.

«Анам мені перзентханаға тастап кеткен. Балалар үйінде өстім. Ата-анасыз өсудің қандай қиын екенін білем. Сондықтан ана болатынымды білгенде баламнан бас тартпаймын деп шештім. Әкесіне баласының суретін жібердім. Ол әкесінен ұқсаған. Бірақ ешқандай жауап болған жоқ. Аналар үйі жайлы ғаламтордан естідім», – дейді 30 жастағы Динара.

* * *

«Бұл қыздардың барлығы жақындары бас тартқан жандар. Қыз бала ана атанар кезде жақындарының қолдауына зәру болады емес пе? Байқаған шығарсыздар, мұндағы қыздардың бәрі сырттан келгендер. Оқуға, жұмыс істеуге келеді. Ата-анасынан бөлек тұрады. Ғашық болған жігіті отбасылы болып шығады не өзін тастап кетеді», – дейді «Аналар үйнінің» координаторы Айжан Диханова.

-Ал сіздерге жеңіл жүрісті қыздар келе ме?

-Олар мұндай жағдайда сақтануы біледі. Сондықтан жүкті болып қалмайды. Ал, біздің қыздар сенгіш келеді. Көпшілігі ата-анасыз өскен жандар.

Жанар Даутова

Тағы да оқыңыз:

Әлемдегі ең жас ана: 5 жасында сәбиін өмірге әкелген қыздың тағдыры (фото)

Күйеуінен 7 жас үлкен келіншек баласының әке тағдырын қайталауына қарсы

Осы уақытқа дейін өзінің кім екенін білмеген Айдананың тағдыры елді елең еткізді

Талқылау