Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы «Әбу-Даби Плазадан» тағы да өрт шықты

Елордада құрылысы жүріп жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешенінде түтін пайда болғаны туралы кезекшінің пультіне ақпарат келіп түскен.

11035766 (1)

Сурет: newskaz.ru 

Аталған кешеннің екінші қабатында қатталған жылуды оқшаулайтын материалдың жанғаны белгілі болды. Өрт толық сөндірілді. Бұл туралы Астана қалалық ТЖД хабарлайды.

Оған жеке құрамның 41 өкілі мен 10 техника бірлігі тартылды. Қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр.

Бұған дейін Әбу-Даби Плаза ғимаратынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Талқылау