Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Пирамиданың» директоры 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының директоры Әділ Арын қамауға алынды. Белгілі болғандай, ол бюджет қаржысынан 21 миллион теңге жымқырды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Астанадағы «Пирамиданың» директоры 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Тергеу мәліметінше, Бейбітшілік және келісім сарайын 3 жылдан аса уақыт басқарған 39 жастағы Әділ Арын LED-экран сатып алу үшін бөлінген ақшаны жымқырған. Ол бұл әрекетін қызметкерімен бірге іске асырыпты. Екеуі жалған фирма құрып, артынша сол серіктестік арқылы 11 миллионға жуық ақшаға LED-экран алып, құжатта оның бағасын 32 миллион деп көрсеткен. Осылайша, ол 21 миллион теңгені қалтасына басты деп күдіктелуде. 

«Күдікті Арын Әділ Сейілханұлына қатысты қамауда ұстау туралы бұртартпау шарасы санкцияланды. Яғни Арын Әділ екі ай мерзімге 2019 жылдың 26-сәуіріне дейінгі мерзімде қамауда», - дейді Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баян.

Бүгінгі таңда Арын қызметінен шеттетілді. Оның кінәсі дәлелденген жағдайда 12 жылға сотталуы мүмкін. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр