Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің шығу себебі анықталды (фото)

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» көпсалалы кешенінде шыққан өрт салдарынан құтқарушылар 120 жұмысшыны қауіпсіз жерге шығарды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

20160213080728

Суреттер ҚазАқпарат сайтынан алынды

“Дизель отынымен жұмыс істейтін ыстық құрылғылар жанған. Газ баллоны жарылуы мүмкін деген болжам, әлі нақты расталған жоқ”, – дейді Иманқұлов.

«Бүгін сағат 4.40 кезекші бөлімге «Abu Dabi Plaza» кешеніндегі өрт туралы хабар түскен.  Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті.  Төрт жауынгерлік учаске құрылды, оның екеуі – бұл 40 өрт сөндіруші ғимараттың ішінде тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Өрт сөндірушілер 120 жұмысшыны қауіпсіз жерге шығарды. Жапа шеккендер жоқ», – деп хабарлады Р. Иманқұлов.

Оның сөзіне қарағанда, жалынмен күреске биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған техника тартылды. Барлығы отты ауыздықтауға 78 өрт сөндіруші мен 27 өрт сөндіру техникасы және Астана қалалық ІІД 12 техникасы мен 24 адамы жұмылдырылды.   Өрт сөндірушілер келгенге дейін 11 қабаттан 25 қабатқа дейін өртеніп жатты.  Оқиға орнына ІІМ  генерал-полковнигі Қ.Қасымов және министрдің орынбасары В. Божко келді», – деп атап өтті ол.

20160213080740 20160213080744 20160213080748 20160213080802 20160213080807 20160213080812 20160213080816 20160213080824

Талқылау