Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үнемі «сырқаттанып жүретін» қызметкер жауапқа тартылды

«Альянс-Транспорт» ЖШС-ның бұрынғы қызметкері сырқаттанумен байланысты еңбекке жарамсыздық туралы жалған парақшаларды ұсынғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

bolnichnyy

Азамат К. 2016 жылдың ақпан айында «Альянс-Транспорт» ЖШС-ның қызметкері бола тұра, №7 қалалық емханадан бірнеше рет жалған сырқат парақшаларын алып, оны жұмыс орнына ұсынып отырған.

Сот отырысы барысында айыпталушы кінәсін мойындады.

Астана қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен азамат К. кінәлі деп табылып, оған 50 АЕК көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Талқылау