Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жүрген қос шетелдіктің «жабайылығы» қазақстандықтардың ашуын тудырды (видео)

Елордада түнгі қаланы аралап жүрген қос шетелдік қоқыс жәшіктерін қиратып тастады.

c4a3443b7789f7d4c2fb1ca406f2cabe_XL

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

Желіде бас қала қонақтарының ерсі әрекетінің видеосы пайда болды. Видео авторының айтуынша, шетелдіктер Сарайшық көшесінің бойында тұрған қоқыс жәшіктерін қиратып тастаған. Оны байқап қалған қазақстандық жақындай бергені сол қос азамат қаша жөнеледі.

Ол тәртіп бұзған қонақтарды артынан қуғанымен, олар «Макдональдс» тамақтану орнының әжетханасына кіріп, шықпай қойыпты. Желіге тараған видео қазақстандықтардың шамына тиді.

Оларды «жабайы аңға» теңеген отандық азаматтар бәрібір де ел полицейлері шетелдіктерге ешқандай шара көрмейтінін, қайта керісінше өз азаматтарымыздың қамалып кету қаупі барын ашына жазған.

Оқи отырыңыз:

“Хабардың” журналисті өзіне тиесілі сыйақыны үш баланың өмірін сақтап қалуға жұмсады

Алматыда адамдар тегін тамақтана алатын қоғамдық тоңазытқыштар пайда болмақ

Оралдық ата-аналар оқулықта “лайкать”, “пиарить” деген сөздер өріп жүргенін айтып шағымданды

Алматыдағы көлік тұрағындағы төбелес: Жұдырығын ала жүгіргендер ұсталды

Талқылау