Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жылы аялдамалар бюджет қаражатына салынбайтын болды

Астанада 10 миллион теңгеге бағаланып, халық арасында дауға қалған жабық аялдамалар бюджет қаражатына салынбайтын болды.

ostanovka

Сурет dixinews.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Айта кетейік, 2015 жылы Астанада қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайтын жабық аялдамалар салына бастаған болатын. Халық арасында оның құнына қатысты тақырып үлкен дау тудырғаны мәлім.

Компанияның хабарлауынша, содан бері Астана қаласының көлік кешенін жаңарту аясында жабық типті 27 аялдама павильоны орнатылды.

«Жалпы алғанда қалада жолаушылар көп жиналатын және қаланың әлеуметтік маңызды аялдама пункттерінде 80-нен артық аялдама павильондары орнатылатын болады. Павильон құрылысының құнына қатысты, жабық типті павильондарды орнату инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланғандығын хабарлаймыз», – делінген «Астана LRT» АҚ-ның ресми жауабында.

Талқылау