Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жол талғамайтын көлік мінген шенеунік велосипедшіні қағып кетті (фото)

Астанадағы Министрлер үйінің Қонаев көшесі бойындағы аркасы маңайында жол талғамайтын көлік иесі велосипедшіні қағып кетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

шенеунік

Велосипед «Astana Bike» жалға алу орнынан алынды. Оны мінген адам аяқтан жарақат алып, мұрнын қанатқан.
Аталған жол-көлік оқиғасында кімнің кінәлі екені белгісіз. Велосипед мінген азамат комментарий беруден бас тартты.

шенеунік2

Айта кетейік, Астанада велосипедтерді жалға беру бастамасын енгізген кезде арнайы веложолақтар мәселесі көтерілген болатын. Алайда елорданың сәулет-құрылыс жоспарында ондай жолақтар қарастырылмаған. Осының салдарынан велосипедшілер көлік жүретін жолдармен жүруге мәжбүр. Нәтижесінде бүгінгідей жол-көлік апаттары болады.

Талқылау