Жоғалып кеткен жігіттің жеңілтектігі жұрттың ашуын келтірді

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 12:03

Астанада жоғалып кеткен жігітті тәртіп сақшылары Қарағандыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен тапқан. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

20160813141422

“Оның орналасқан жері арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында анықталды. Жаманғараев пәтерді өзі жалдағанын, ешкімнің күштеп ұстамағанын айтты”, – деп хабарлайды департамент.

Студент жігіттің бұл қылығы қазақстандықтардың наразылығын тудырды. Оның жоғалғаны туралы хабарлама жарияланғаннан бері барлық жедел қызметтер мен шұғыл құтқару қызметтері аяқтарынан тік тұрған болатын.

“Ұлы табылғаннан кейін туыстары мазаламауды сұрап отыр. Жоғалған кезде бүкіл БАҚ-ты шулатып, тәртіп сақшыларының көмегімен жер-дүниені шарлап іздеді. Ал енді мазаламаңдар деп жатыр”, – дейді Мұрат Телібеков.

“Жігіттің Қарағандыға неліктен барғаны, неліктен туыстарымен байланысқа шықпағаны белгісіз. Ең бастысы ол аман-сау. Қазір туыстарымен бірге. Оның әрекетіне қатысты құқық бұзушылық іс қозғалмады”, – деп хабарлады департамент өкілі София Қолышбекова.

Бақтияр Жаманғараев 11 тамыз күні жоғалып кеткен еді. Оны іздеуде 200-ден астам ерікті атсалысқан. Ол Бәйтерек монументі жанындағы “Дипломат” тұрғын үй кешеніндегі үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған. Достарының айтуынша, ол әуежайдан анасын күтіп алуға тиіс болған. Алайда ол жаққа да бармапты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар