Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жоғалып кеткен балалар Алматыдан табылды

Астана мереке күні жоғалып кеткен екі бала Алматы көшелерінің бірінен табылған. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

222

Балалардың әкесіне Жансаяның телефонынан смс-хабарлама келген. Онда екі ер адамның олардан телефонды тартып алып, қара түсті көлікпен алып кеткені айтылған. Балалар өздерінің қайда екенін де білмеген. Тергеушілер олардан жүрген жерін суретке түсіріп жіберулерін сұраған. Осы арқылы олардың Алматыдағы “Сайран” автобекетінде жүргені мәлім болған.

“Астана полициясы Алматы ІІД қызметкерлерімен бірлесе отырып балалардың қай жерде жүргендігін анықтады. Олар қазір Әуезов аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жағдайға байланысты басқа да деректер анықталу үстінде”, – деді Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.

Еске сала кетсек, 6 шілде Астана күні мерекесінде 14 жастағы Жансая Әбілқайыр мен оның екі жасар інісі Асқар Нұрәлі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын.

Талқылау