Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жоғалып кеткен 23 жасар студенттің өлі денесі табылды

Бір апта бұрын Астана қаласында жоғалып кеткен студент Ерасыл Әубәкіровтың денесі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

e70920453916c0db5abe2f1c3e6eefc7

Полиция мәліметінше, оның денесі 10 ақпан күні кешкі сағат 22.00 шамасында ІІД жедел-іздестіру тобының шаралары арқылы табылған. Қылмысқа қатысы бар деген үш күдікті ұсталған. Олар қазір уақытша тергеу изоляторында. Сот сараптамасы тағайындалып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, Астана қаласында медициналық университеттің 6 курс студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні кешкі 18.00 кезінде үйден шығып кетіп қайтып оралмаған.

Талқылау