Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жоғалған зейнеткер ес-түссіз күйінде қамыс арасынан табылды

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жедел іздеу тобы 30 тамыз күні жоғалған 75 жастағы қала тұрғынын аман-есен тапты.

20160913111541

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Астана қалалық Ішкі істер департаментінің жедел іздеу тобы 30 тамыз күні жоғалған 75 жастағы қала тұрғынын аман-есен тапты. Анықталғандай, ара-тұра есін жоғалтатын қария адасып кеткен және екі күн бойы қамыс арасында ес-түссіз хәлде жатқан.

«30 тамыз күні кешкі сағат 23.00 шамасында елорда тұрғыны полицияға әкесінің жоғалғандығы туралы өтініш түсірді. 75 жастағы ер адам «Газ аппаратурасы» ауданындағы саяжайлардың арасында жоғалған. Анықталғандай, сол күні отбасы саяжайға демалуға шығып, қарт әкелерінің есіктен шығып кеткенін байқамай қалған. Ер адам ара-тұра есін жоғалтатын дертке шалдыққан», – деп хабарлады Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Іздеу шараларының арқасында полиция қызметкерлері екі күннен кейін Иван Котов есімді азаматты ес-түссіз жатқан күйінде қамыс арасынан тапқан. 75 жастағы қарияның халі қазір жақсы.

Жіберіп алмаңыз:

Ресейге қоныс аударған қазақстандық хоккейші өлі күйінде табылды

Алматыда жоғалып кеткен банк қызметкері өлі күйінде табылды

Алматыда тауда жоғалып кеткен жас жігіт табылды

Жоғалып кеткен 2 жасар бүлдіршін қамыс арасынан табылды

Талқылау