Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жоғалған студенттің өлі денесі табылды

Астанада 7 маусымда жоғалып кеткен 18 жастағы студенттің денесі табылды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Безымянный

Сурет: www.caravan.kz 

Полицияның мәліметінше, 12 маусымда  Есіл өзенінің бойында Спандияр Еркебұланның денесі табылды.

“Денеде зорлық белгілері жоқ. Полиция қызметкерлерінің тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жоғалып кеткен студенттің денесін оның туыстары таныды. Қажетті сараптамалар жүргізіледі”, — делінген хабарламада.

7 маусымда 18 жасар Спандияр Еркебұлан таңғы уақытта үйінен шығып кетіп, оралмағаны туралы жігіттің анасы полицейлерге хабарлаған.

Осыған дейін осы дерек бойынша іздестіру ісі қозғалып, іздестіру шараларына Астана қалалық ІІД жеке құрамы жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық гвардиясының әскери қызметкерлері мен еріктілер атсалысқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жоғалған студенттің денесі өзеннен табылды

Талқылау