Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жоғалған 22 жасар қыз табылды

Астана қаласында жоғалып кеткен 22 жастағы Сандилия Қошмағамбетова табылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

photo_182532

Сурет әлеуметтік желіден алынды

“Қыз полиция қызметкерлерінің көмегімен табылды. Оның орналасқан жері белгілі болып, ата-анасына хабар берілді. Ол қазір үйінде, бәрі дұрыс”, – дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.

Сандиляның әпкесі Дина Ибравшева бұл уақыттарда қыздың мешітте болғанын айтты.

Еске сала кетсек, 22 жастағы Сандиля Қошмағамбетова 14 сәуір күні жоғалып кеткен. Қыз үйінен дүкенге шығып кеткен соң қайта оралмаған. Сосын ата-анасы полицияға хабарласқан.

Талқылау