Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жезөкшеден ақша талап еткен полицей айыппұл төлейтін болды

Сот алдында жауап берген полицелер алдын ала қыздардың ақысына жыныстық қызмет көрсететінін білген. Осыған көз жұма қараулары үшін белгілі мөлшерде ақша төлеп тұруларын талап еткен.

pol0

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Үш полиция қызметкері осы әрекеттері үшін 3,5 миллион теңге айыппұл төлемек. Сотта үш азаматтың қылмысты жасыра отырып ақша тапқылары келгені анықталған.

Сот отырысы №2 Сарыарқа ауданының ауданаралық  сотында өткен. Үш азамат « мемлекеттік істе өз мансабын асыра пайдалана отырып, келесілерден талап етеу жолымен сыйақыға ақша алу, олардың қылмысын бүркемелеу» бабы бойынша айыпты деп танылған.

«Сотталушыларға өздері сұраған қаржының 70 есе өсірілген түріндегі айыппұл салынды.(3,5 миллион теңге айыппұл, мүлкін тіркеумен қоса)»,-делінген Астана қалалық сотының хатында.

Полиция қызметкерлері осы әрекеттері үшін өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылатын болды. Олар осыған дейінгі қызметтегі шендерінен де айрылды.

Талқылау