Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жазда жүк көліктері түнде ғана жүретін болады

Астанада “ЭКСПО-2017” көрмесі кезінде жүк көліктерінің қозғалысы шектелетін болады.

photo_165866

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

“ЭКСПО” халықаралық көрмесін өткізу кезінде жүк көлігінің қозғалысы шектелетін болады. Биыл 7 маусымнан бастап 12 қыркүйекке дейін жүк көліктерінің барлық түрлері үшін таңғы 6-дан бастап, 23:00-ге дейін қозғалыс шектеледі”, — деді Астана ІІД әкімшілік полициясының жол-техникалық инспекция бөлімі басшысы Берік Жолдасбеков дүйсенбі күні брифингте.

Елордадағы коммерциялық кәсіпорындардың қызметі үшін кешкі 23:00-ден бастап, таңғы сағат 6-ға дейін жүк көліктеріне жол жүруге рұқсат беріледі, деп атап өтті ол.

Талқылау