Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жасөспірім әкесінің көлігімен екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Әкесінің көлігін айдаған астаналық жасөспірім бағдаршам белгісі арқылы жолдан өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бұл туралы Астана ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Астанада жасөспірім әкесінің көлігімен екі жолаушыны қағып кетті

Оқыс оқиға сейсенбіде сағат 18: 30-да Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында орын алды.

«Mitsubishi маркалы көлік жүргізушісі бағдаршамның белгісі бойынша жолдан өтіп келе жатқан жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Астана қаласы патрульдік-іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері Мәскеу көшесіндегі үйдің аулаларының бірінен жаяу жүргіншілерді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жасөспірімді анықтап, қолға түсірді. Оның 2001 жылы туылған кәмелетке толмаған жасөспірім екені белгілі болды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жәбірленушілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Бірақ, олардың жағдайы туралы ешқандай мәлімет хабарланбады. Ал автокөлік арнайы тұраққа қойылған екен. Полицейлер жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жасөспірімнің ата-анасымен тексеру іс-шараларын жүргізгенін хабарлады.

Тағы да оқыңыз:

“Бие – түйенің әйелі” деп жауап берген қазақ жігіті ел алдында масқара болды (видео)

Замираның күйеуімін: Қазақ жігіті Замираның әрекетіне ашуланды

Екібастұзда ер адам 12 жасар қызды аңдып жүріп лифтіде зорламақ болды

Талқылау