Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған екі қызға шұғыл түрде қан керек

Астанада жантүршігерлік жол апатына ұшыраған студент қыздарға шұғыл түрде қан керек екені хабарланды.

9696

Туыстарының айтуынша, екі қыз да ауыр халде жатыр.

“Кеше 23.03.17. сағат шамамен 23.30 кезінде Бөгенбай батыр мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысында Сузуки мен Тойота көліктері соқтығысты. Сузукиде менің екі қарындасым да болған, олар қазір ауыр жағдайда жатыр. Оларға өте көп қан керек! Айжан Қазбек пен Ғалия Иманғалиева үшін ертең Керей Жәнібек көшесінде қан тапсыруға болады. Сондай-ақ, жол апатынан хабары бар, бейнетіркегішке түсіріп алған жандар болса хабарласуларын сұраймыз. Кез-келген ақпарат үшін алғыс айтамыз”, – деп жазады әлеуметтік желіде Рахат Қазбеков.

Олар қазір Абылайхан, 15а мекен-жайындағы ауруханада ем қабылдауда. Ал қанды Керей Жәнібек, 9 мекен-жайында тапсыруға болатыны хабарланған.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Suzuki маркалы көліктің жүргізушісі 1996 жылы туған ер адам Бейбітшілік көшесімен келе жатып кенеттен солға бұрылмақшы болған. Тойота көлігін де 1996 жылы туған ер адам басқарған.

Талқылау