Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада және еліміздің 2 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астанада, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды.

Астанада және еліміздің 2 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

21 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады. 21 қыркүйекте өңірдің басым бөлігінде, 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. 22 қыркүйекте кей жерлерде бұршақ түседі. Түнде және таңертең тұман тұтады.

Астанада 21-22 қыркүйек күндері оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады жеп күтілуде. Кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ түседі. Кей жерлерде солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз жек екпіні 25 м/с болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау