Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ДЦП-мен ауыратын қызы бар жалғызбасты әке 69 мың теңгеге күн көруге мәжбүр

Рысмахан есімді Астананың тұрғыны 3 жасар қызын жалғыз өзі өсіріп жатыр. Кішкентай Інжу екі айға толғанда анасы оны әкесіне тастап кеткен екен. Бұл туралы Tengrinews басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

фото: tengrinews.kz

Рысмаханның айтуынша, кейбір адамдар оған қызды бөбектер үйінде қалдыруға кеңес берген. Ер адам кей кездері өмір сүргісі келмейтінін жасырмайды. Ол 15 ақпан күні, “Астана” концерттік залына басындағы барлық проблемаларын айтып беру үшін Астана әкімімен кездесуге келді. Бұл кездесуде көпбалалы аналардың мәселесі қозғалды.

“Кейбіреулер маған қызымды бөбектер үйіне тастап кетуге кеңес берді. Күніге жұмыс істеп, оған күнделікті барып тұрасың дейді. Ал менің қызым жарымжан. ДЦП-мен ауырады”, — деді Рысмахан баласын қолына ұстап тұрып.

Рысмахан әкімнің өзімен тілдесе алмады. Бақыт Сұлтановтың орнына қала тұрғандарын басқа мемлекеттік қызметкерлер қабылдады.

Олардың берген жауаптарына қанағаттанбаған жалғызбасты әке бірнеше күннен кейін әкіммен кездесу үшін “Астана” залына қайтадан келді. Ол кезде Сұлтанов көмекке мұқтаж, қиын жағдайға тап болған астаналықтармен кездесу өткізіп жатқан.

Адамдар микрофонның жанына тұрып кезек-кезекпен әкімге сұрақ қойды. Әкім олардың барлығына жауап берді. Бір кезде дәстүр бойынша Сансызбай Есілов сөз сөйлеп, жиналған қауымнан сұрақтарды осымен қоймауды сұрады. Әкімнің тұрғындарды жеке-жеке қабылдайтыны хабарланды. Есеп беру жөнінде кездесу аяқталғаны мәлімденді. Бірақ залдағы халық наразылық танытып, шу шығара бастады.

Рысмаханның көңілі толқып тұрды. Ер кісімен ешкім айтысқан жоқ. Керісінше оған әкіммен келесі жолы кездесу үшін холға өту туралы кеңес берді. Жалғызбасты әке сұхбат беріп тұрғанда, қала басшысының баспасөз хатшысы Эльмира Жүргенбаева оның қызын өз қолына алды.

“Анасы кетіп қалды, өзім тәрбиелеп жатырмын. Шортанды ауданында жұмыс істедім. Ол жерде үйді құрдым. Ол кезде қызым арбада жататын. Бізді барлық аудан білетін. Мен жұмыс істегенде қызымның жанымда отыратынын көрді. Оны қарасын деп қалдырып кететін адамым болған жоқ”, — деді ол.

Әкенің айтуы бойынша, ол Інжуді ауруынан емдеп жүр. Ақша үнемі жетпейді. Ер адам жұмысқа да шыға алмайды. Үнемі қыздың жанында отыру керек. Ол Інжуге берілетін жәрдемақыға, яғни 69 200 теңгеге күн көреді. Оның елу бес мыңын жалданған пәтерге жұмсайды. Жанұяның қарыздары көп.

Рысмахан әкіммен кездесті. Қала басшысы оның жағдайын бақылауға алатынын айтқан. Әкімдіктегілер олар тұратын уақытша баспананы тауып береді. Рысмахан тұрақты жұмысқа тұруды көздеп отыр. Сонымен қатар, ол әкімнің сертификатына сенім артады. Бұл сертификат “7-20-25” бағдарламасына қатысу үшін бір миллион теңге береді. Бір миллион теңге алғашқы жарнаның қызметін атқарады.

Талқылау