Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада жүздеген оқушы сабақ киімін алып үлгермей қалуы мүмкін

Астанада мектеп формасына қатысты мәселе әлі күйіп тұр. Мұндағы оқушылардың көбі енді қалған бір күнде сабақ киімін алып үлгермей қалуы мүмкін Бұл туралы КТК хабарлап отыр.

843aa8fff8643a7c095882b67aa2b75a

Фото: bnews.kz

Қаладағы санаулы дүкендерде әлі де ұзын-сонар кезек. Ата-аналар балаларына шақ келетін киім таппай, сандалып жүр.

Осылайша алғашқы қоңырауда ұл-қыздары ел қатарлы киіммен тұрсын деген жұрт сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Оның үстіне мұндай қарбаласқа Елордадағы әр мектептің киім үлгісі әртүрлі болуы да себеп. Сол үшін өлшемі келетін әрі өз мектебінің формасына сай киім табу мұң болып тұр.

Біраз адам тігіншілерге енді ғана тапсырыс беруде. Бірақ олар тапсырысты орындап үлгере алмай жатыр. Ал дүкен сатушылары жұмыс уақытын ұзартуға мәжбүр.

“Біздің дүкенге киімдер шілденің басында келген. Бірақ ол кезде бірде-бір ата-ана мектеп формасын сатып алуға келген жоқ. Барлығы сабақ басталарда келіп, қарбалас болып кетті. Сондықтан біз де демалыссыз жұмыс істеп жатырмыз”, – дейді сатушы Ғазиза Ілиясова.

Талқылау