Астанада жүкті әйелдің өліміне себепкер болған екі дәрігер сотталды

Сейсенбі, 12 Сәуір , 2016 8:33

Астанада Алматы ауданының №2 соты ҚР ҚК 114-бабының 4-бөлімі бойынша айыпталған К. және А. атты дәрігерлерге қатысты қылмыстық істі қарады.

Безымянный

Сурет: donday.ru 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Сот талқылауы барысында 2014 жылғы 9 сәуірде азаматша Н. жүктілігі бойынша бақылауда болған жерде есепке тұрады. Жүктілік қандай да бір асқынуларсыз өткен. 2014 жылдың 4 қарашасында кесір тілігі жасалады. Содан кейін әйел жансақтау бөліміне жатқызылады. Оны отадан кейін анестезиолог дәрігер А. мен кезекші дәрігер акушер-гинеколог К. бақылауға алған», – деді сот баспасөз қызметінен.

Сот деректеріне сәйкес, дәрігерлер міндеттерін тиісті орындамауы салдарынан реанимациялық және қарқынды терапия бөлімшесі кезеңінде клиникалық деректерді дұрыс талдамаған. Бұл науқастан қан кетуін кеш  байқауға алып келген. 5.11.2014 күні Н-ға қан тоқтату бойынша ота жасалады, алайда кеш жасаған ота еш нәтиже бермей, әйел қайтыс болады.

«Сарапшы қорытындысына сәйкес, анестезиолог дәрігер А. мен кезекші дәрігер акушер-гинеколог К. жол берген Н. есімді азаматшаның өліміне алып келген медициналық көмек көрсетудегі салғырттық денсаулыққа ауыр зиян тигізген. Сот шешімімен оларға  ҚР ҚК 114-бабы 4-бөліміне сәйкес айып  тағылып,  2 жылға дейін дәрігерлік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар