Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада элиталық үйдің тұрғындары оның жай-күйін айтып шағымданды

«Северное сияние» тұрғын үйінің тұрғындары 2011 жылы ерекше сәулетімен тамсандырып, пайдалануға берілген тұрғын үйдің қолайсыздығына шағымдануда. Қызмет көрсететін ұйым атына сотқа шағым түсті, деп хабарлайды Қазақпарат.

о

Тұрғындар атынан желіге Дина Әбдікенова жариялады.

««Базис-А» құрылысы атынан атқарған «АЭЗ-Астана» 9 жылда үйімізді нағыз «қайыршылық» қалыпқа түсірді. Подъездерде, тұрақтарда су ағу қалыпты жағдайға айналды. Терезелер сынған, жуылмаған күйде тұра береді. Жеделсаты тозып біткен. Ал, ең бастысы – жертөле мен жоғарғы, төменгі қабаттар жалға беріледі. Олар бізді тонағандарымен қоймай, жеделдету шахталарына кіруге мүмкіндік бермейді», – деп жазады ол.

20170116103412

Агенттікті шағымын әкімдік растады. Олардың мәліметінше, ЖПК-ның тоқсан сайынғы есебін ұсынбайтыны жөнінде жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Аталған фактілер расталып, оларға нұсқама жазылды. Алайда қайталап тексеру кезінде нұсқаудың орындалмағаны анық болды. Соған қатысты тұрғын үй инспекциясы басқармасы сотқа шағым түсірді.

Әкімдік мәліметінше, желтоқсанның ортасында пәтер иелерімен жиналыс өтіп, оған Есіл ауданы әкімдігінің өкілдері мен басқарма қызметкерлері қатысты. Онда ЖПК тіркеуі бойынша сауалдар, басқарма органдарының қызмет көрсетуге қатысты келісім-шарт бойынша объект таңдауы қарастырылды. Тұрғындар санының аз болуы на байланысты, жазбаша сауалнама жүргізілді.

Қазір екі үйге қатысты объекті тіркеу жүріп жатыр. Өзге мәселелер сауалнама нәтижесінде шешілетін болады.

Басқарма приборлар есебі мен электр құралдарының қосылуын “Астана-Энергосбыт”ЖШС, “Астана-РЭК”АҚ, “СЭЗ-Астана”ЖШС және жеке пәтер өкілі Ғалым Райымбековпен бірге тексеретінін мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында тағы бір адам қайтыс болды (видео)

Головкин Ресейде мас жүргізушімен болған көше төбелесі туралы айтып берді

Қостанайда жарылғыш зат баланың саусақтарын жұлып кетті

Талқылау