Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада элиталық қымбат пәтер ойынханаға айналған

Астанада астыртын казино әшкере болды. Заңсыз ойынхана Елордадағы элиталық үйлердің бірінде клиенттерге қызмет көрсеткен. Көлеңкелі кәсіп иесі жалдамалы пәтерді покер клубына айналдырған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

5454

Сурет today.kz

Кенеттен кіріп келген арнайы жасақ құмар ойынға құныққандардың дәл үстінен түсті. Тіпті, заңсыз бизнес иесі де осында екен. Жедел уәкілдер олардан фишка, ірі көлемдегі ақша және ойын карталары мен ұялы телефондарын тәркіледі. Ал құмар ойын ордасына айналған 3 бөлмелі пәтер Есілдің сол жағалауындағы элиталық үйдің бірінде орналасқан. Оны жалдаған азамат мұнда сенімді адамдарды ғана кіргізіп отырыпты. Кінәсін толығымен мойындаған ол мұнда келушілермен бірге ірі көлемде айыппұл төлейді.

Талқылау