Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада «Экспо» үшін салынып жатқан ғимараттар жанып кете жаздады

Халықаралық көрме үшін тұрғызылған ғимараттар жанып кете жаздады. Астанада салынып жатқан «ЭКСПО»-ның құрылыс аймағынан өрт шықты деп хабарлайды КТК.

1444

Сурет informburo.kz

Халықаралық көрменің жанып жатқан нысанында жұмысшылар болған. Құтқарушылар келгенше қызыл жалынмен құрылысшылардың өздері арпалысты. Құдай сақтап, ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал, от көпқабатты ғимараттың шатырынан шыққан көрінеді. Кейін өрт сөндірушілер келіп, тілсіз жауды толық ауыздықтады.

Талқылау