Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада шенеуніктердің абыройын төккен даулы видеоның авторы ізделіп жатыр (видео)

Шенеуніктердің ұжымдық кешіндегі ашық киінген бишілердің қатысуымен түсірілген бейнежазба желіні шарлап кеткен еді.

Шенеуніктер ҚР инвестициялар және даму министрлігі транспорттық бақылау комитетінің қызметкерлері болуы әбден мүмкін. Ведомство ролик авторын тауып, сотқа беруге бекініп отыр.

Видео авторы роликті 6 тамызда түсірген. Бұл күні инвестициялар және даму министрлігі транспорттық бақылау комитеті ұжымы кәсіби мерекелерін демалыс аймағында атап өткен екен. Ал отырыс комитет қызметкерлері өз қалталарынан жинаған қаражатқа жасалған. Бұл көңілді кешке бюджеттен бір тиын алынбапты.

Шенеуніктер мерекелеу барысында шағын футболдан турнир өткізіліп, отырыс барысында әдепсіз көрініс мүлде орын алмағанын айтып отыр. Олар бейнежазбадағы әрекеттердің еш қатысы жоқ, шындыққа жанаспайды дейді. Министрлік осыған байланысты арнайы органдарға шағым да түсіріпті.

Талқылау