Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ұрылар бір апта бұрын ғана орнатылған қоқыс контейнерін ұрлап кетті

Астанада ұрылар қоқыс тастауға арналған торлы контейнерді ұрылар қолды қылған.

777777777

Бұл туралы “Астана Тазарту” ЖШС-ның Фейсбуктағы парақшасында хабарланған.

“Құрметті достар, Кенесары көшесі, 70, “Қыпшақ” тұрғын үй кешенінде пластик жинауға арналған торлы контейнер ұрланды. Ол Астанадағы қоқысты жеке жинау жобасының аясында қойылған болатын. Бұл дерек туралы қандай да бір ақпарат білгендер немесе автокөлігінің бейнетіркегішіне кездейсоқ түсіріп алушылар болса 41-43-74, 8-771-996-38-72 нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, пластик жинауға арналған контейнерлер Астанада бір апта бұрын ғана орнатылған. Бұл қала билігінің екінші талпынысы. Басшылығы тұрғындарға қоқысты жеке-жеке бөліп тастауды үйретуге ниет танытуда.

“Астана Тазарту” ЖШС, ерте ме, кеш пе тұрғындар қоқыстарды іріктеп тастауды үйренеді деп сенеді. Бір ай ішінде қалада 600 контейнер орнатылған.

Талқылау