Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ұры сұлулық салонынан ішік ұрлаған

Астана полицейлері қаладағы сұлулық салонынан ішікті ұрлап кеткен күдіктіні ұстады. Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 19 қаңтар күні қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің қымбат киімін қолды қылғанын айтқан.

10769366

«Жедел іздестіру шаралары негізінде қыстық сырт киімді ұрлады деген күдікпен Астана қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды», – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті ұрлаған киімдерін иесіне қайтарған.

«Күдікті Астана қалалық ІІД уақытша қамау изоляторында. Полицейлер оның қала бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр», – делінген баспасөз хабарламасында.

Талқылау