Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ҰҚК-нің бұрынғы басшысының соты өтіп жатыр

Астанада 2001-2006 жылдары аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарған Нартай Дүтбаевтың соты жабық режимде өткізіліп жатыр.

08ebc73d8680f4e8f75a25b597f

Бұл туралы әскери соттың баспасөз қызметі мәлімдейді. Олардың айтуынша, жабық түрде қаралған іс процесі басталып кеткен. Іс бойынша алғашқы отырыс 13 шілдеде өтсе, екіншісі бүгін 17 шілдеде өткізілген.

Айыпталушылар орындығында Нартай Дүтбаевпен қатар, Ерлан Нұртаев, Нұрлан Хасенов, Раис Мұратовтар отыр. Әзірге бұл адамдардың қандай лауазымда болғаны хабарланбаған.

Еске салсақ, ҰҚК бұрынғы басшысы Астанада өткен жылдың аяғында ұсталған болатын. Ең құпия ведомстваның жетекшісі мемелекеттік маңызды ақпаратты жариялады және лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталуда.

Оқи отырыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Талқылау