Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада түнгі клубтан шыққан бойы із-түзсіз жоғалған қыз іздестіріліп жатыр

Полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен Балдырған Сыбанбаеваның қайда екенін анықтау бойынша жедел іздеу шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

жоғалдыыыы

19 маусымда Астана қаласы аумақтық ІІБ кезекші бөліміне 18 маусымда сағат 03:00-де оның туысы Балдырған Сыбанбаева «Ретро» түнгі клубынан шығып кетіп, содан қайтып оралмағаны жайлы шағыммен жүгінді, оның қазіргі уақытқа дейін қайда екені белгісіз.

Оның қайда екенін анықтау үшін  Астана мен Алматы ққ., облыстар мен көліктегі ІІД жеке құрамдары тартылды.

«Қандай да бір ақпарат болған жағдайда мына  телефондарға: (8-7172) 71-61-49, 71-60-22. Факс: 71-63-53, ұялы  87785807717, не  102 нөміріне хабарласуды сұраймыз» делінген ІІД хабарламасында.

 

Талқылау