Астанада түнде жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті
Астанада түнде жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті, деп хабарланады қала әкімінің сайтында.
Сурет: Астана қаласы әкімдігінің сайты
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Астанада түнде жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті, деп хабарланады қала әкімінің сайтында.
“28 маусымдағы сағат 21.00-ден 29 маусымдағы сағат 9.00 аралығында Астанада жауған жауын-шашын мөлшері 17 мм құрады. Қала бойынша 79 Асмашина жұмыс істеді. Ал түнде сағат 2-ден кейін жауын-шашынның күшеюіне байланысты қосымша техникалық құралдар іске қосылды. Атап айтқанда, 2 жылжымалы сорғы станциясы, 7 мотопомпа, 21 сорғы, 16 мамандандырылған автомашина”, — делінген хабарламада.
Таңғы сағат 5-ке қарай жауын салдары жойылды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін таңғы сағат 7.20 Б. Момышұлы, Тұран даңғылдарын, М-3 көпірін және т.б. су басты.
“Қала аудандары бойынша 105 автомашина, 11 мотопомпа, 4 трактор тиісті жұмыстарға тартылды. Сағат 14.00 қарай жаңбырдың салдары жойылды”, — деп атап көрсетілді хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, маусымның соңына дейін күн жаңбырлы болады. Шілде айының алғашқы он күні де жауын-шашынды болады деп күтілуде
Жіберіп алмаңыз: