Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада туған қызы мен құдағиын алдаған әнші сотта кінәсін мойындады

Астанада  туған қызы енесімен бірігіп, әнші анасының  алаяқтық жасағаны жайында сотқа шағым түсірген болатын. Гүлсара Насирова есімді қала тұрғыны туған келінінің шешесі  екі бөлмелі пәтерін сатып, ақысын бермей қойғанын айтқан,-деп жазды Stan.kz.

әншіііііі

Жекжаттар арасындағы дау екі бөлмелі пәтерден басталған. Келінінің анасына сендім деген  Гүлсара Насирова  оған үйді сатуға мүмкіндік беретін сем хат берген. Осы қағаздың арқасында құдағиының екі бөлмелі пәтерді 70 мың АҚШ долларына сатып жібергенін анықтаған. Ақшасын немесе үйді қайтарар деген оймен  екі жылға жақын уақыт  Насирова құдағиынан хабар күткен. Ешқандай нәтиже болмағаннан кейін сотқа шағымданыпты.

Сотта әнші Сандуғаш  Жұмабектің туған қызы енесінің шағымын растап, анасына қарсы куәлік берген.

«Енем анама сенді. Анам болса еш хабарсыз кетіп қалды. Бірнеше уақыт ұстатпай жүрді. Ақырында сотқа шығым түсіруге тура келді»,-дейді әншінің қызы Әсем Мұқатай.

Осы күнге дейін өзіне жала жабылғанын айтып жүрген Сандуғаш  Жұмабек бір күн бұрынғы өткен сотта жазбаша түрде кінәсін мойындапты. Сот төрешісінен құдағиымен мәмілеге келу үшін 10 күн уақыт беруді сұраған.

Ал, өзін осынша әуреге салған құдағиынан көңілі қалған Гүлсара Насирова ешқандай да мәмілеге келгісі келмейтінін, келінінің анасы кешірімге лайық емес екенін айтып жылап қалды.

Сандуғаш Жұмабектің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында қызы мен құдағиы өзіне жала жауып жатқанын айтқан. Шындықты жайып салуына қорғаушысы рұқсат бермей жатқанын жазған. Сондай-ақ, өзіне тағылған айыппен қатар қандайда бір арандату әрекеттері жиі жасалатынын тілге тиек еткен.

Туған қызы мен құдағиы сотқа берген әншіге қатысты сот үкімі келесі аптада шығып қалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Ерке Есмахан не себепті әндерінің “хит” боп кететінін түсіндірді

Анасынан аумайтын қызым: Сәкен Майғазиев отбасылық қуанышымен бөлісті

Ерлан мен Баян қырқынан жаңа шыққан сәбилерін көрсетті

Қайраттың әнін гитарамен орындаған бүлдіршін Гүлзира Айдарбекованы тәнті етті (видео)

Талқылау