Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Тойота көлігі аялдаманы бұзып-жарып өте шықты

Астанадағы Достық көшесі бойынша “Toyota” маркалы автокөлік жол бойындағы аялдамаға соқты.

20160722164043
Фото: dixinews.kz

“22 шілде күні сағат 13.00 шамасында “Toyota” көлігін тізгіндеген 1992 жылы туған көлік жүргізушісі Достық көшесінің бойында келе жатып, қапталдағы арақашықтықты сақтамай, бір бағытта кетіп бара жатқан тағы бір “Toyota” маркалы көлікпен соқтығысып, содан кейін қоғамдық көлік аяламасын бұзып кетті”, – делінген ІІД хабарламасында.

Жол көлік оқиғасы барысында ешкім зардап шекпеген. 24 жастағы көлік жүргізушінің әрекетіне байланысты ҚР әкімшілік кодексінің 610 бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.

Талқылау