Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада келіспей қалған той ұйымдастырушылар бір-біріне оқ атып, граната жарған

Астанада үйлену тойын ұйымдастырушылардың арасында атыс болды деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазған.

14 маусымда сағат 23.00-де үйлену тойын ұйымдастырумен айналысатын, бір-бірін бұрыннан танитын 28 жастағы Т. есімді жігіт пен 32 жастағы Д. есімді азаматтың арасында жанжал шығады.

Оқиға Сәтбаев және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған.Бұл жерге олар достарымен бірге келеді.

Жанжалға қатысушылардың бірі травматикалық қарудан оқ атса, екіншісі қорқыту мақсатында оқу-жаттығуға арналған граната лақтырған.

Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды.

Талқылау