Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада терезеден аяғын шығарған автобус жүргізушісі жолаушылардың ашуына тиген (фото)

Астаналық тұрғынның айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушісі жолда келе жатып, төтенше жағдай тудырып, жолаушылардың қауіпсіздігіне мүлде немқұрайлы қараған.

21212121

Автобус жүргізушісіне деген наразылығын әйел Фейсбук желісінде жазды. Бұрын да қоғамдық көлік қызметін аз тұтынатын тұрғын, мына жағдайдан кейін мүлде автобусқа мінгім келмей қалды дейді. Автор мынадай көлік жүргізушілері жолаушының көзінше көпе-көрнеу ереже мен әдеп сақтамайтын сервиспен келер жылы Астанада бүкіләлемдік ЭКСПО көрмесі қалай өтпек деп алаңдаушылық танытады.

12121212

“Бір аяғын терезеге іліп қойған көлік жүргізушісі, жылдамдықты арттырып, одан дереу тежегішті басып қалып, басқа көліктерге соға жаздады. Жолаушылардың ескертуіне құлақ аспай, жылдамдықты тіптен үдете түсті. Шұғыл көмек шақырайын десем, автобуста жүргізушінің немесе кондуктордың аты-жөні жазылған, қандай да бір ақпарат жоқ. Автобуста келе жатқан шетелдік қонақтар да мына жағдайға бас шайқап таң қалды”, – деді Алияна есімді Астана тұрғыны.

333333

Жазба авторының айтуынша, мұндай ереже бұзушылыққа жол берген Z062DC мемлекеттік нөмірін таққан автобус жүргізушісі екен. Жолаушы жол полициясы басқармасына қоңырау шалған. Олар Астана әкімдігінің ресми сайтына шағым жазуға кеңес беріпті.

89162_tn

“Көлік жүргізушісінің қитұрқылығын америкалықтар үнсіз ғана бақылап отырды. Көлікте балалы әйелдер, қарт кісілер бар еді. Жүргізуші болса дереу тоқтап, автобус іші шаңға көміліп, берекеміз қашты”, – дейді автор.

Талқылау