Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада танымал журналисті күйеуі ұрып өлтірді. Күдікті сотта жауап берді

Астанада журналист Ирина Бекетованың өліміне қатысты сот процесі басталды. Оның өліміне азаматтық некедегі күйеуі айыпталып отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада танымал журналисті күйеуі ұрып өлтірді. Күдікті сотта жауап берді

Еске сала кетсек, өткен жылдың қыркүйек айында Гусейнов әйелін бетінен ұрып жіберіп, салдарынан жұбайы құлап түсіп, көз жұмған еді.

Анатолий Гусейнов тұтқындалғаннан кейін әйелін ұрғанын мойындады. Алайда оны өлтіргісі келмегенін айтып ақталыпты. Оған қатысты қылмыстық іс ауыр жарақат келтіру фактісі бойынша қозғалған.

Тергеу мәліметінше, олардың арасындағы ұрысқа қызғаныш себеп болған. Сотталушы жұбайын таныс еркекпен бірге көріп, жұдырық ала жүгірген. Ал сараптама нәтижесі журналистің өліміне басына тиген қатты зат себеп болғанын көрсетті. Алайда ол әйелдің бетіне емес, желкесіне тиген.

Десе де жәбірленуші тарап бұл нұсқаға сенбей отыр. Марқұмның ағасы Гусейновтың Иринаны жұдырықпен ұрғанын және соның салдарынан көз жұмғанын айтуда.

Ал бүгінгі сот отырысында Гусейновтың әйеліне жиі қол көтергені белгілі болды. Оны полицейлер ғана емес, марқұмның туыстары да растады.

«Інім қол көтерсе, үйден қуып шық деп Иринаға талай ескерттім. Бірақ, мені тыңдамай Анатолийдің қорлығына төзіп келді. Жақсы көрді ма немесе оны аяған шығар», – дейді айыпталушының әпкесі Александра.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау