Астанада “Такси” ЖШС жүргізушісі жолда ұйықтап кетіп көшедегі көліктерді соққан

Сот отырысында жол-көлік оқиғасына себепші болған жүргізуші өз кінәсін мойындады, ол материалдық шығынды өтейді, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

2307756

“Hyundai” маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлін басқара алмай, көше бойында орналасқан гүл қыш құмыраларын және маңайдағы  автокөліктерді соғып өткен, соның салдарынан көлік иелеріне материалдық шығын келтірілген.

Сот отырысында жол-көлік оқиғасының айыпкері рөлде ұйықтап калғанын айтып, өз кінәсін мойындады. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімімен айыпкердің жұмыс берушісі “Такси” ЖШС-нен жәбірленушілердің пайдасына сақтандыру төлемі өндірілді.

“Такси” ЖШС-і Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотына өз қызметкерінен регресс тәртібімен келтірілген шығын сомасын өндіріп алу үшін талап арызбен жүгінді. Сот шешімімен талапкердің талап арызы қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

БЖЗҚ қандай жағдайда зейнетақы жинағын алдын ала шешіп алуға болатынын мәлім етті

Ғалымдар себебін түсіндіріп бере алмаған жұмбақтар

Қазақстанда ең көп жалақыны қай сала қызметкерлері алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар