Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада тағы бір жүкті келіншек перзентханада көз жұмды

Ақпаратты елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Қамалжан Надыров растады, деп хабарлайды Sputnik.

«Бірінші перинатарлық орталықты соңғы кезде үш әйел көз жұмды. Үшінші әйел 2 шілде күні мерт болды», – дейді Надыров.

№1 перинатарлық орталықтың басшысы Ербол Әубәкіровтің айтуынша, 26 жастағы келіншектен көп қан кеткен.

«Әйел бізге келгенде қан кетіп тұрды. Кесір тілігі жасалды. Баласы аман, денсаулығы жақсы. 19 жасынан бастап анасы жаман әдеттерге жақын болған. Күніне 25-30 темекі шегіп келген», – дейді орталық басшысы.

21 және 25 маусым күні осы жерде екі әйел көз жұмған еді. Оған қатысты тергеу жүріп жатыр. Балалары жансақтау бөлімінде. Журналистер перзентханада жұқпалы ауру жүріп жатқан жоқ па деп сұрады. Басқармадағылар тергеу аяқталғанша, ешқандай пікір білдіре алмайтындарын айтты.

Басқарма перинаталды орталықтың жыл сайын 12 мың бала босандыратынын айтты. 5 мыңға жуық күрдеі ота жасалады. Мамыр айында арнайы тексеру жүрген. Ол кезде орталықта жұқпалы ауру табылған жоқ.

Соңғы адам өлімінен кейін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы лабороториялық зерттеу жасап, қосымша эпидемиологиялық тергеу жүргізеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау