Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада табылған бүлдіршіннің ата-анасы бір аптадан бері іздестірілуде

Астананың «Көк базарында» 7 күн бұрын табылған бүлдіршіннің ата-анасы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы елордадағы Жасөспірімдерді бейімдеу орталығының психологы Жанар Жұмажанова мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

20160917101821

«Баланың жағдайы жақсы, қарыны тоқ. Дәрігерлер бүлдіршінді қарап, денсаулығынан кінәрат таппады, сап-сау. Мама, папа дегенге ғана тілі келеді. Өзін Алек деп атайды. Ұлтын дөп басып айту қиындау, аралас некеден туған балаға ұқсайды», – дейді Жанар Жұмажанова.

Бүлдіршінді 10 қыркүйек күні «Көк базарда» (Шанхай) жалғыз жүрген жерінен екі әйел адам тауып алған. Кейін оны елордадағы Балалар үйіне әкеліп тапсырған. Ондағылар Алматы ауданының ІІБ инспекторларын шақыртып, сақшылар баланы осында – Жасөспірімдерді бейімдеу орталығына жеткізген.

Баланың ата-анасы іздестіріліп жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желілерде хабарлама таратылды. Әзірге еш нәтиже жоқ.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда жоғалып кеткен жас ана аман-сау табылды

Алматыда жоғалып кеткен тағы бір адам өлі күйінде табылды

Алматыда полиция ұстап алып кеткен мүгедек ер адам жоғалып кетті

Алматыда 24 жастағы семейлік жігіт жоғалып кетті

 

Талқылау