Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада түнде жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті

Астанада түнде жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті, деп хабарланады қала әкімінің сайтында.

12324455

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің сайты

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Астанада түнде жауған жауын-шашын мөлшері бір айдағы норманың жартысынан асып кетті, деп хабарланады қала әкімінің сайтында.

“28 маусымдағы сағат 21.00-ден 29 маусымдағы сағат 9.00 аралығында Астанада жауған жауын-шашын мөлшері 17 мм құрады. Қала бойынша 79 Асмашина жұмыс істеді. Ал түнде сағат 2-ден кейін жауын-шашынның күшеюіне байланысты қосымша техникалық құралдар іске қосылды. Атап айтқанда, 2 жылжымалы сорғы станциясы, 7 мотопомпа, 21 сорғы, 16 мамандандырылған автомашина”, — делінген хабарламада.

Таңғы сағат 5-ке қарай жауын салдары жойылды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін таңғы сағат 7.20 Б. Момышұлы, Тұран даңғылдарын, М-3 көпірін және т.б. су басты.

“Қала аудандары бойынша 105 автомашина, 11 мотопомпа, 4 трактор тиісті жұмыстарға тартылды. Сағат 14.00 қарай жаңбырдың салдары жойылды”, — деп атап көрсетілді хабарламада.

Синоптиктердің болжамынша, маусымның соңына дейін күн жаңбырлы болады. Шілде айының алғашқы он күні де жауын-шашынды болады деп күтілуде

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда екі апта ішінде бір жарым айлық жауын жауды

Талқылау