Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада түгелдей бір ат спорты мектебі небәрі бір аттың құнына сатылып кетті

Астанада осы аптада қаладағы жалғыз ат спорты мектебі жабылуы мүмкін. Бұған дейін ішінде 150 бала жаттыққан мектеп аукцион арқылы небәрі 200 мың теңгеге сатылып кеткен деп хабарлайды КТК.

phoca_thumb_l__mg_6811

Сатуға қойылған топтамаға тіпті қымбат тұратын аттар, құрал-жабдықтар мен қызметтік автокөлік те кірген.

Коммуналдық қазыналық мекеме деген дәрежесі бар “Көкпар Астана” клубы соңғы бірнеше жыл бойы мемлекетке тиесілі болған. Мұнда балалар ұлттық спорт түрлерін үйреніп, талай республикалық және халықаралық додаларда бапкерлердің де мерейі үстем болып жүріпті. Мұндай үлкен шаруашылықты ұстап тұру үшін жыл сайын 150 миллион теңге қажет болған. Сол себепті де әкімдік клубты аукцион арқылы сатуға қойған. Ал оның қызметкерлері мен басшылары жаңа сатып алушының кім екенін әлі білмейді. Олар жаңа қожайын құлдырап бара жатқан мекемені жаба сала ма деп қорқады.

“Ұлттық спорт түрлерін дайындау осы “Көкпар” клубында жинақталған. Маған бұл жағдайды есту, көру өте ауыр, сондықтан бұл сұрақты көтеріп отырмын. Аттар мен мүліктердің сатылуы мен үшін екінші мәселе. Ең бірінші мені алаңдататыны осы мектептен тәлім алатын жүзден астам баланың, бапкерлердің далада қалуы болып отыр”, – дейді “Тұлпар” ат спорты клубы директорының орынбасары Болат Шалабаев.

Талқылау