Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сұранысқа ие мамандықтар тізімі жасалды

Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы сұранысқа ие мамандықтар тізімін жариялады, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы.

20170515224514

Астанада әлі дежұмысшы мамандықтарға зәру. Тізімнің басында құрылысшы мамандығы тұр. Биылғы жылдың өзінде түрлі қалалық кәсіпорындардан 3 мыңға жуық сұраныс түскен. Құрылысшы мамандығына деген сұраныс алдағы жылдары тұрақты болады.

Астанада әртүрлі жұмыстарды атқаратын мамандар тізімнің екінші орнында тұр. Бұл кәсіпке жыл басынан 1,7 мың бос орын болды.

Үшінші орында – медицина қызметкерлері. 2017 жыл басталғалы Жұмыспен қамту орталығына жұмыс берушілерден 705 сұраныс түскен. Бұл ретте, мамандардың болжауынша, ақ халаттыларға деген сұраныс алдағы жылдары тұрақты түрде артып отыратын болады.

Одан бөлек асүй жұмысшыларына, менеджерлерге, еден жуушыларға, монтаждаушыларға, жүргізушілер мен ағаш шеберлеріне сұраныс тұрақты. Одан бөлек, әкімшілер, кондитерлер, аспазшылар, күзетшілер мен тігіншілерге бос орындар жетерлік. 2017 жылдың бірінші тоқсанында Астана қаласында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.

Талқылау