Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сұлу болғысы келген бойжеткен қылмыс жасады

Астанада сұлулық салонында қымбат тұратын процедура жасатып алып, ақшасын төлемей қашып кеткен алаяқ бойжеткен іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада сұлу болғысы келген бойжеткен қылмыс жасады

Астана қалалық ІІД тұрғындардан алаяқтық жасаған бойжеткеннің тұлғасын анықтауда көмек беруін сұрайды.

«Алматы» ауданының полиция басқармасына сұлулық салонының мастері шағымданып, 9 қыркүйекте Рысқұлбеков көшесіндегі сұлулық салондарының бірінде өзін Ботагөз деп таныстырған белгісіз бойжеткеннің шаш жалғату бойынша процедураға тапсырыс бергенін айтты. Ол құны 70 мың теңге тұратын процедураны жасатқаннан кейін, белгісіз бағытта ізін суытқан», – делінеді хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция күдіктінің тұлғасын анықтау, ұстауға бағытталған шұғыл іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Өз кезегінде Астана полициясы қызмет көрсету саласының жұмысшыларына алаяқтарға алданып қалмас үшін сақтық танытуы керектігін ескертті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау