Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада соттан әділдік сұраған әйелдің өзі кінәлі болып қалды

Астанада болған  кішкентай жол апатының арты үлкен дауға ұласты. Жарты жылдай уақыт өтсе де, осы оқиғаға қатысты нақты шешім шықпаған, деп хабарлайды КТК.

20170802224619
Сот алғашында ер азаматты кінәлі деп тапса, енді заң бұзушы екінші жақтағы әйел деп отыр. Сондықтан бұл іс шым-шытырыққа айналған.

Әділ шешім шығарады деп сотқа жүгінген Айгерім Әбдірахманованың енді өзі кінәлі болып шығуы мүмкін. Биыл қаңтар айында дәл осы жерде жол апаты болған екен. Келіншектің айтуынша, Ғабдуллин көшесімен көлігімен келе жатқан кезінде оған Ерлан Қорғанбеков машинасымен қарсы бағыттағы автобус жолымен келіп соғылған. Соның салдарынан көлігінің Айгерімнің көлігінің бампері сынып, бір жақ қанаты майысады. Сот ер азаматты кінәлі деп тауып, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Алайда бұл шешіммен келіспеген Қорғанбеков қайта қарауға шағым түсіріп, істі өз пайдасына шешкізіп алады.

“Енді шешімнің қандай болатыны әлі де түсініксіз. Әділ болғанын қалаймын. Негізінде 596-шы бап бойынша қарсы бағытқа шыққаны үшін бір жыл, тоғыз ай көлемінде жүргізуші кұжатынан айыру керек еді. Бірақ оған жеңілдік жасап,22 мың тегң айыппұл ғана салынды. Ол бұл шешіммен келіспей, енді маған қарсы шағым түсіріп отыр”, – дейді  Астана қаласының тұрғыны Айгерім Әбдірахманова,

Іс қайта қаралған кезде екі жақта кінәлі емес деген шешім шығарылған екен. Алайда бұған да көңілі толмаған ер азамат Айгерімнің үстінен шағымданып, келтірілген шығынды өндіріп алмақшы. Өйткені ол жол апатына келіншек кінәлі деп санайды.

“Жанымда отырған куәгер болды. Оның үстіне соттың шешімі бар. Онда менің еш кінәм жоқ екені нақты жазылған. Енді үшінші процесті күтеміз. Менікі дұрыс болып шығатынына сенемін”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Ерлан Қорғанбеков.

Ал келіншектің әділдік іздеп бармаған жері қалмапты. Бас прокуратура жазған өтінішін белгісіз себептермен қабылдамай қойыпты. Ендігі жағдай келесі соттан кейін белгілі болады.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысының тұрғыны дәрігер ретінде жеке емханасын ашып алған емшіге қараламын деп көз жұмды

ОҚО-да той кортежіне ілесіп көліктермен қатар тікұшақ ұшты (видео)

Алматыда қыз бала жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп кетті (фото)

Алып қашудың құрбаны болған 19 жастағы қызды жақындары жер қойнына тапсырды

Талқылау