Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада сот үкіміне көңілі толмаған әйел өзін бағанаға шынжырлап тастады

Астанада кезекті шынжырлы ереуіл! Бұл жолы сот үкіміне көңілі толмаған әйел өзін бағанаға шынжырмен  байлап тастады.  Әділдік таппай ашынған келіншектің қасында қолдаушылары да бар. Барлығын тоғыстырған бір тағдыр.  Айтуларынша, балаларына жала жабылып,заңсыз сотталып кеткен. Сондықтан еш жерден  әділдік таппаған  аналар Жоғарғы сот алдында наразылық білдірді, деп хабарлайды КТК.

Наразылыққа шыққан әйелдер міне. Солардың ішінен Кенжеғайша Рақымбаева өзін  бағанаға  шынжырмен байлап жатыр. Оның  мұндай қадамға баруына баласының заңсыз  сотталуы себеп. Әділдік іздеп шырылдаған ана  ұлының  жазықсыз екеніне сенімді.

“Менің ұлымды түрмеде дәл осылай шынжырмен ұстап отыр. Қалтасына есірткі салған. Бұл сорақылық, заңсыздық. Семей қаласындағы былық жоғарыға жетсе екен”, – дейді ашынған аналардың бірі.

Ашынған келіншек, 28 жастағы ұлына полицейлердің есірткіні  қалтасына қасақана салғанын айтады. Баласы марихуанамен ұсталып, 7-і жылдан бері түрмеде отыр екен. Ал, мына әйел  екі бірдей баласының қып-қызыл жаланың құрбаны болғанын айтады.

“Күйеу балам мен қызым үш жыл бұрын алаяқтық үшін заңсыз сотталып кетті. Олар жұртты алдап бағалы тондарды сатқан дейді. Бірақ, ешқандай дәлел жоқ. Соттың былығын дәлелдеймін деп, денсаулығымнан айырылдым”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Шолпан Айтбаева.

Осы кезде ереуілге  әкімдік қызметкерлері араласты. Шынжырды ағытып, мәселені бейбіт жолмен шешуді сұраған еді, наразы топ бұған келіспеді.

“Заң бойынша, бейбіт митинг өткізуге рұқсат алу керек. Және 10 күн бұрын жергілікті органдарды ескертуіңіз қажет қой”, – дейді полицей.

Айқайға басқан әйелдер бой бермеген соң, іске полицейлердің араласуына тура келді. Айналаны жіті бақылап тұрған тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ сарбаздары шынжырға маталғандарды, автобусқа тиеп, бөлімшеге алып кетті. Жалпы, бұл Жоғарғы сот алдындағы алғашқы наразылық емес.

Үш апта бұрын төраға Жақып Асановпен кездесуді талап еткен келіншек те  үстіне бензин құйып, өзін өртемек болған еді. Ол кезде Жақсыгүл Бөкеновада да сот үкіміне қарсылық білдіріп, әскери қызметтегі ағасының кәмілет жасына толмаған қызды зорлады деген айыппен заңсыз сотталғанын айтып ашынған еді.

Ал, бүгін өзін бағанаға шынжырмен байлап тастаған әйел мен оның қолдаушылары  полиция бөлімшесінде ұзақ отырған жоқ. Бәріне бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, үйлеріне жіберілді. Оларға айыппұл салынуы мүмкін.   Бірақ, әділдік іздеп шырылдаған келіншектер,  балаларын  түрмеден шығармай, беріспейміз деп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында көмірді таспен араластырып сататын алаяқтар пайда болды

Қазақстан бақытты елдер тізімінде жетінші орынға тұрақтады

Қанағаттандыра да алмайсыңдар: Атышулы Замира ер азаматтарға тағы да өкпесін айтты (видео)

Астаналық жігіт қызғаныштан туған бауырына және көшедегі бейтаныс адамға пышақ сұғып алды

Талқылау