Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада шаңғы тепкен неміс елшісінің аяғы аспаннан келді (видео)

Астанада қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдаған неміс елшісі Рольф Мафаэль шаңғы тебемін деп құлап қалды.

5555

Бейнематериалды Германияның Қазақстандағы елшілігінің Фейсбуктегі парақшасы жариялаған.

Мафаэль мырзаның бейнеүндеуі Есіл жағалауында түсірілген. Ол Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толуына орай көпшілікке сөз арнаған болатын.

“Құрметті достар! Бүгін сіздерге Астанадағы өзімнің сүйікті орынымда тұрып үндеу жолдағым келеді. Есілде мен үнемі шаңғы тебемін. Біз қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын ерекше атап өтіп жатырмыз. Қазақстан халықаралық аренада ерекше құрметке ие. Соңғы жылдары сіздер экономикалық дамудың даңғыл жолын жүріп өттіңіздер. Мен биылғы жазда көптеген немістердің Астанаға келіп, “ЭКСПО”-ға қатысқанын қалаймын. Барлық жақсылықты тілеймін сіздерге, сау болыңыздар!” – дей салысымен ол төмен қарай шаңғымен сырғанай бастайды. Бірақ, көп жүрместен Мафаэль мырза құлап түскен.

Рольф Мафаэль Германияның Қазақстандағы елшісі қызметін 2016 жылдың жазынан бері атқарып келеді.

Оқи отырыңыз:

Тасмағамбетов Ресейге жұмыс істеуге жіберілді

Қызылорда қаласының әкімі өзіне сұрақ қойған тұрғынды ұрсып тастады

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Назарбаев әкімдердің жалқаулығын сынады

Талқылау